-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
11.1 Жалпы мәліметтер
Элементтердің периодтық кестесіндегі сирек жер элементтерінің орны және олардың электрондық құрылысы
Сирек жер элементтер тобына (СЖЭ) Д.И. Менделеевтің VI периодтық жүйесінде 14 элемент тобы, реттік нөмірлері 58-ден (церий) 71-ге (лютеций) дейінгі лантаннан кейін орналасқан және оған қасиеттері ұқсас элементтер кіреді. Сондықтан бұл топқа лантан (Ln) кіреді, ал қалған элементтер лантаноидтар (яғни лантанға ұқсас) деп аталады. Бұдан басқа, бұл топқа лантанның химиялық аналогтары - үшінші топ элементтері скандий мен иттрий кіреді. Иттрий қасиеттері жағынан скандийге қарағанда лантаноидтарға ұқсас, және минералдық шикізатта ілеспе элемент ретінде лантаноидтармен бірге жүреді. Физикалық химиялық қасиеттері бойынша лантаноидтар өзара ұқсас. Бұл олардың электрон қабаттарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты: ядроның заряды артқан сайын (немесе реттік нөмірі) лантаноид атомдарындағы сыртқы екі электрондық деңгейлері бірдей болады (4.1-кесте).
4.1-кесте. Реттік нөмірі, электрондық құрылымы, тотығу күйі, иондық радиусы
| Элементтің аты мен символы | Атом-дық нөмірі | 4f | 5s | 5p | 5d | 6s | Тотығу дәрежесі | Гольдшмид т бойынша +3 ионының радиусы , нм | Me³⁺ ионының түсі |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Лантан La | 57 | - | 2 | 6 | 1 | 2 | +3 | 0,122 | Түссіз |
| Церий Ce | 58 | 2 | 2 | 6 | - | 2 | +3; +4 | 0,118 | - |
| Празеодим Pr | 59 | 3 | 2 | 6 | - | 2 | +3; +4 | 0,116 | Сарғыш - жасыл |
| Неодим Nd | 60 | 4 | 2 | 6 | - | 2 | +3 | 0,115 | Қызыл- күлгін |
| Прометий Pm | 61 | 5 | 2 | 6 | - | 2 | +3 | - | Қызғылт |
| Самарий Sm | 62 | 6 | 2 | 6 | - | 2 | +2; +3 | 0,113 | Сары |
| Европий Eu | 63 | 7 | 2 | 6 | - | 2 | +2; +3 | 0,113 | Ақшыл- қызғылт |
| Гадолиний Gd | 64 | 7 | 2 | 6 | 1 | 2 | +3 | 0,111 | Ақшыл- түссіз |
| Тербий Tb | 65 | 9 | 2 | 6 | - | 2 | +3; +4 | 0,109 | Ақшыл- қызғылт |
| Диспрозий Dy | 66 | 10 | 2 | 6 | - | 2 | +3; +4 | 0,107 | ақшыл- сарғыш- жасыл |
| Гольмий Ho | 67 | 11 | 2 | 6 | - | 2 | +3 | 0,105 | Қою сары |
| Эрбий Er | 68 | 12 | 2 | 6 | - | 2 | +3 | 0,104 | Қызғылт |
| Туллий Tu | 69 | 13 | 2 | 6 | - | 2 | +3; +2 | 0,104 | Ақшыл |
| Иттербий Yb | 70 | 14 | 2 | 6 | - | 2 | +4; +3 | 0,100 | жасыл Түссіз |
| Лютеций Lu | 71 | 14 | 2 | 6 | 1 | 2 | +3 | 0,099 | - |
Бір элементтен екінші элементке ауысқан кезде терең жатқан 4ƒ электронды деңгей электрондармен толтырылып, ƒ деңгейіндегі электрондардың барынша мүмкін саны 14-ке тең лантаноид тобындағы элементтер санын анықтайды. Қалыпты жағдайда лантаноид атомдарының (гадолиний мен лютецийді қоспағанда) 5d-қабатында электрондар болмайды (4.1-кестені қараңыз). Алайда, электронның 4ƒ деңгейінен 5d деңгейіне ауысуы үшін аздап энергия шығыны қажет. Лантаноидтарға тән (+3) тотығу дәрежесі 4ƒ -деңгейден 5d-деңгейге бір электронның ауысуымен байланысты. Бұл жағдайларда валенттік байланысқа 6s қабатының екі сыртқы электроны және 5d қабатының бір