11.1 Жалпы мәліметтер

генераторларда қолданылады. Лазердің негізі ретінде CeF3 және СЖЭ (La, Y, Gd, Ce) оксидтері пайдаланылуы мүмкін. Y - Fe, Y – Al негізіндегі неодиммен легірленген гранаттар лазерлер әзірленіп, кеңінен қолданылады.
Электровакуумдық және рентгендік техника және радиотехника. Электровакуумдық техникада СЖЭ газды шашыратпайтын сіңіргіштер (геттер) құрамында қолданылады.

4.3-кесте. Сирек жер элементтердің өндірісте қолданылатын нақтыланған салалары

ЭлементҚолдану аясы
СЖМ қоспасы
(мишметалл)
Тоттанбайтын болат, аккумуляторларға арналған
қорытпалар, ыстыққа төзімді, вакуумда жұмыс істейтін
қорытпалар өндірісінде
СкандийӨте берік алюминий-скандийлі қорытпалар, электронды
сәулелі түтікшелер
ИттрийКонденсаторлар, люминофорлар, микротолқынды
фильтрлер, шынылар, оттекті сенсорлар, радарлар,
лазерлер, жоғары өткішгіштер
ЛантанШыны, керамика, автомобиль және мұнай
катализаторлары, люминофорлар, пигменттер,
аккумуляторлар
ЦерийПолировка жасайтын ұнтақтар, керамика, шыны
люминофорлар, катализаторлар, пигменттер,
мишметалл, УК-фильтрлері.
ПразеодимКерамика, шыны, пигменттер
НеодимТұрақты магниттер, катализаторлар, ИК-фильтрлері,
шыныға арналған пигменттер, лазерлер
ПрометийӨлшеуіш приборлардың бастапқы шикізаты, өте
кішкентай ядролық батареялар, люминофорлар
СамарийТұрақты магниттер, микротолқынды фильтрлер, атом
өндірісі
ЕвропийЛюминофорлар
ТербийЛюминофорлар
ДиспрозийЛюминофорлар, керамика, атом өндірісі.
ГольмийКерамика, лазер, атом өндірісі.
ЭрбийКерамика, шыны бояғыштары, оптикалық талшықтар,
лазер, атом өндірісі.
ИттербийМеталлургия, химиялық өнеркәсіп
ЛютецийМонокристалды сцинтилляторлар
ТулийЭлектронды-сәулелік түтікшелер, медицинада
кескіндерді визуализациялау
Гадолиниймедицинада кескіндерді визуализациялау, оптикалық
магниттік тіркеу, керамика, лазерлер, кристалдық
сцинциляторлар

Неодим оксиді электронды құрылғыларда сызықтық кеңею коэффициенті аз диэлектрик ретінде қолданылады.
Медициналық мақсаттағы портативті жұмсақ рентген генераторларын жасау үшін және көлемді рентген аппаратурасын алмастыратын дефектоскопия жасауда 170Тu туллий изотопты маңызды қолданыс тапты.
Прометий изотопы 147Рm (жартылай ыдырау кезеңі 2,7 жыл) прометийдің жұмсақ β-сәулеленуі электр энергиясына айналатын «атомдық микро батареяларды» жасау үшін қолданылады.
Электр жарықтандыру техникасы. Бұл салада жарқылдың қарқындылығын арттыру үшін прожекторлар мен кинопроекциялық жарықтандырғыштардың көміртекті электродтарын жасауда СЖЭ-дің фторидтері бұрыннан қолданыс тапқан. Фторидтер (негізінен CeF3) электродтың орталық бөлігіндегі (фитильдің) масса құрамына енгізіледі.
Химия және жеңіл өнеркәсіп. СЖЭ-дің қосылыстары лактар, бояулар және жарқыраған композициялар (люминофор) жасау үшін; аммиак синтезіндегі катализаторлар, мұнай крекингі және органикалық химиядағы тотығу процестері үшін; аналитикалық химия мен фотореагенттерге арналған химиялық реактивтер өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылығы. СЖЭ қосылыстары ауыл шаруашылығында инсектофунгицидтер (зиянкестермен күресуге арналған препараттар) және өсімдіктердің өсуін тездететін микро тыңайтқыштар ретінде қолданылады.
Мобильді телефондар өндірісінде, оның ішінде Apple айфон өндірісінде СЖМ-ды қолдану түрлері кестеде көрсетілген.

4.4-кесте. Apple айфон өндірісінде СЖМ-ды қолдану

3
4
5
6
7