-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
5.2 Ренийдің қасиеттері
түзіледі.
Рений үшоксиді (ReO3) – рений ұнтағының жартылай тотығуы кезінде түзілетін сарғыш-қызыл түсті қатты зат. Суда, сұйылтылған тұз және күкірт қышқылдарында аз ериді. 400 ℃-тан жоғары температурада айтарлықтай ұшқыш.
Рений үшоксидінің гидраты – ренийлі қышқыл H2ReO4. Қара түсті аморфты ұнтақ (d = 3,9 г/см3), ренийді су буының қатысында оттегімен тотықтыру арқылы алынады. 100 ℃ жоғары температурада қыздырғанда H2ReO4 сусыздана бастайды. 150-180 ℃ аралығында ренийлі қышқыл рений триоксидіне қарағанда сутегімен оңай тотықсызданады. Бұл қышқыл суда ерімейді, тұз, күкірт және фосфор қышқылдарында, алкогольде аз ериді; сілтілердің, азот қышқылының және сутегі асқын тотығының ыстық ерітінділерінде ол рений қышқылын түзіп оңай тотығады.
Рений екіоксиді (ReO2) қара-қоңыр түсті кристалды зат, ромбты β-модификациясын ReO3 немесе Re2O7 ренийдің металдық ұнтағымен (P = 10-1 Па) сәйкесінше 500 немесе 600-650 ℃-де тотықсыздандыру арқылы алады. Аммоний перренатын инертті атмоферада 300-450 ℃-де термиялық ыдырату кезінде МоО2 типті құрылымды α-модификациясы түзіледі:
| NH₄ReO₄ = 2ReO₂ + N₂ + H₂O | (2.4) |
|---|
400-650 ℃ аралығында диоксидтің моноклиндік модификациясы қайтымсыз ромбты модификациясына айналады. Рений диоксиді - ұшпайтын қосылыс, бірақ 700 °C-тан жоғары температурада рений (VII) оксидін түзіп буланады. 200 ℃-де ReO2 ауадағы оттегімен рений гептаоксидіне дейін тотығады. Рений диоксиді-амфотерлі қосылыс. Ол суда, сілтілі ерітінділерде ерімейді, концентрацияланған тұз қышқылында гексахлороренат-ионын түзіп ериді. Концентрленген азот қышқылы, H2O2 және бром суы оны рений қышқылына дейін тотықтырады. ReO2-дін вакуумда сілтілермен қосып балқытқанда триоксоренаттар түзіледі, оттегінің қатысуымен балқу кезінде-перренаттар түзіледі.
Рений диоксиді гидратын алу үшін гексахлороренаттардың (IV) сулы ерітінділеріне сілтілерді немесе аммиакты қосып алады. Бұл жағдайда түзілетін тұнбаның құрамы шамамен ReO2 × 2H2O.
Рений қышқылы және оның тұздары – перренаттар. Рений қышқылы – күшті бірнегізді қышқыл. Zn, Fe, Mg металдарымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Шыны мен фарфорды коррозияға ұшыратады. Марганец және хлорлы қышқылдардан айырмашылығы, HReO4 – әлсіз тотықтырғыш. Оксидтермен, карбонаттармен, сілтілермен әрекеттескен кезде перренаттар түзеді.
Кристалдалдау кезінде сілтілік металдар, аммоний, күміс және таллий перренаттары ерітіндіден кристаллогидраттар түзбейді. Сілтілік жер металдарының, мырыш, кадмий, қорғасын перренаттары бір, екі немесе төрт су молекуласымен кристаллогидраттар түзеді.
Суда аз еритін перренаттар калий, таллий және рубидий, орташа еритін аммоний мен мыс перренаттары, ал натрий, магний, кальций перренаттары жақсы ериді (2.2-кестені қараңыз). Өндірістік ерітінділерден аммоний және калий перренаттарын алады.