-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
Уран кендері. Экзогенді типті молибден-уранды кен орындарында (50 г/т және одан да жоғары мөлшерде) рений гептаоксид түрінде болады. 1950 жылдары АҚШ осындай кен орындардан 1 тоннаға жуық рений алған.
Колорадо (АҚШ) үстіртінің көптеген шөгінді типті уран кен орындарында ренийдің мөлшері 0,5-3,0 г/т. Уран кендерін құрамына қарай қышқыл немесе сілтілі шаймалау схемалары бойынша немесе жер асты шаймалау әдісімен өңдейді. Аз карбонатты кендер (Амброзия көлі, Гэс-Хиллс және т.б. кен орындары) қышқылды сілтілеу схемасымен өңделеді. Күкірт қышқылы ерітінділерінің құрамындағы ренийдің 50%-ы бөлініп алынған, бұл АҚШ-тың қышқылдық схемамен жұмыс істейтін барлық зауыттарында жылына 1 тонна рений алуға мүмкіндік берген. Көп карбонатты уран кендерін (Амброзия көлі, фронт-Рейнд және т.б. кен орындары) өңдеуде сілтілі шаймалау қолданылады. Кешенді кендерден ренийді молибденмен бірге бөліп алу экономикалық тиімді деп саналады.
Кендердегі ренийдің таралуы эпигенетикалық кен түзілулерге бағынады: оның мөлшері тотықсыздану аймағында 1,4-2,4 г/т дейін артады және тотығу аймағында және кенсіз жыныстарда (0,005 г/т) 0,004 г/т дейін азаяды. Re : Mo мөлшерінің ара қатынасы 1: 5-тен 1: 50-ге дейін.
Орталық Падма (Карелия) кен орнының күрделі ванадий-уран-асыл метал кендерінде ренийдің жоғары 0,2-0,5 г/т мөлшері анықталған. Осы кен орнының кендерін шаймалаудан түзілген күкірт қышқыл ерітінділерінен рений АМП күшті негізді анионитімен бөлініп алынады. Оның сорбция изотермасы сызықты (Генри константасы К = 0,32 ± 0,03 дм3/г). Сульфидті концентратты шаймалау ерітінділерінен ренийді бөліп алуда ең жақсы сорбциялық сипаттамаларға ие сорбенттер твэкс-ТБФ, көміртекті СКС сорбенті және твэкс-ФОР. Бұл материалдардың ренийді бөліп алу көрсеткіштері сәйкесінше 70, 82 және 91% құрайды.
Уран кен орындарын игерудің прогрессивті әдісі жер асты шаймалау әдісі. Бұл әдіспен игерілген инфильтрациялық экзогендік эпигенетикалық кен орындар – орталық Қызылқұм, Сырдария, Шу-Сарысу, Іле.
Полиметал кендерінде рений мөлшері өте төмен аудан бірлігіне қарай өте кедей (1 г/м2 дейін), өнімділігі төмен (1-5 г/м2); орташа (5-10 г/м2) және өнімділігі жоғары (> 10 г/м2) болып бөлінеді.
Орталық Қызылқұм ауданында уран кен орындарынан Солтүстік Букинай, Оңтүстік Букинай, Бешқақ, Кетменші, Сабырсай; Сырдария облысында - Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын; Шу-Сарысу облысында - Уванас, Қанжуған, Мыңқұдық, Мойынқұм кен орындарынан уран өндіріледі. Оралда Далматов кен орны, Солтүстік Қазақстанда Семізбай кен орны барланған. Бұл кен орындарда ренийдің мөлшері 0,1-2 г/т дейін болады.
Солтүстік Канимех рений-селен-ванадий-скандий-уран кен орнында (Орталық Қызылқұм провинциясы) рений кендерінің уран кендерімен қабаттаса кездесетіні анықталды. Рений және уран кендерінің ара қашықтығы ондаған сантиметрден метрге дейін жетеді. Рений қорының шамамен 70 %-ы уран кен орындарының контурлары шегінде орналасқан, олардың 50% - ы тікелей уран кендерінде, қалған 50% - ы уран кендерінің жоғарғы бетінде және табанында шоғырланған. Локализацияның осы ерекшеліктерін ескерсе, кен орнын контурлаудың сыртқы шекарасы уран емес, рений кенденуі болып саналады.
Қабат қалыңдығы 20-50 см сынамаларындағы рений мөлшері 0,5 - тен 3,5 г/т-ге дейін өзгереді, ал біріктірілген аралықтар мен қиылыстар бойынша қуатына қарамастан іс жүзінде тұрақты-0,7-1 г/т. Маңызды ерекшелігі-рений мен уран құрамының айқын корреляциясы, бұл ренийдің тұрақты құрамымен уран кендерінің параметрлерін қолдана отырып, оның қорларын болжауға мүмкіндік береді.
Шаймалау ерітінділерінің полиметалдық уран кендеріндегі рений дисульфидімен әрекеттесуі келесідей жүреді:
| ReS₂(к) + 4,75O₂(г) + 2,5H₂O (с) → ReO₄⁻(еріт.) + 2SO₄²⁻(еріт.) + 5H⁺(еріт.) | (2.17) |
Бұл реакцияның термодинамикалық сипаттамаларына ортаның табиғаты әсер етпейді. Оны жүзеге асыру үшін оттегінің немесе басқа тотықтырғыштар болса жеткілікті. Жер асты шаймалауда тотықтырғыш қосылған күкірт қышқылы және карбонатты ерітінділерді қолданып, ренийді уранмен және молибденмен бірге бөліп алуға болады.
Тяньшань маңындағы Солтүстік Канимех, Оңтүстік Қарамұрын, Мейлі сай мегапровинцияларының кендерін шаймалауда ренийді кеннен ерітіндіге бөліп алу үшін тотықтырғыштың әсері (рН көрсеткішіне тәуелсіз) зерттелген.
Шаймалағыш реагенттер ретінде тотықтырғышсыз және тотықтырғыш (персутегі оксиді) қатысында күкірт қышқылының (5-20 г/л), аммоний бикарбонатының (1-10 г/л) ерітінділері, хлор газы қосылған калий карбонаты (1-2 г/л), сутегі асқын тотығы қосылған пласт суы қолданылды. Кендердегі рений мөлшері 0,3-3,5 г/т, реагенттер мен пласт суын тотықтырғышсыз пайдаланған кезде ренийдің кендерден бөліну дәрежесі 20-30 % -дан аспады. Реагент түріне қарамастан ауадағы оттегінің қатысуымен (оның ішінде пласт суын қолданғанда да) - 50-60 % және одан да жоғары болды. Сутегі асқын тотығын оттегінің 100-500 мг/л концентрациясына тең мөлшерде қолдану ренийдің ерітіндіге бөліну