-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
дәрежесін 70-95 % -ға дейін арттырды. Сұйық фазаның қатты фазаға қатынасы (С:Қ) тотықтырғыштың қатысуымен 1,4-тен 2,5-ке дейін өзгеріліп отырды. Кеннің бастапқы құрамына байланысты алынған ерітінділердегі ренийдің орташа концентрациясы 0,15-тен 2,5 мг/л-ге дейін, максималды көрсеткіші 6 мг/л-ге жеткен.
Кенді шаймалауда рений мен уранның ерітіндіге өту жылдамдығын салыстыру зерттеулерінде (Қ:С ара қытнасы 0,2-0,5 ке тең болғанда), рений ерітіндіге ураннан бұрын өтетінін анықталған. Күкіртқышқылымен шаймалағанда кенге тотықтырғыш (атмосфералық оттегі, реагент түріндегі тотықтырғыш) жанасқан сәттен бастап рений ерітіндіге қарқынды өте бастаған.
Букинай уран кендерін техникалық оттегі қатысында аммоний бикарбонатымен көпскважиналы жер асты шаймалауында ерітінділердегі ренийдің концентрациясы 0,025 мг/л болған, жарты жылдан соң 0,1 мг/л-ге ал біржарым жылдан соң 0,25-0,3 мг/л ге жеткен. Ерітінді жіберілетін және ерітінді қайта шығарылып отыратын скважиналар арасындағы бақылау скважиналарында ренийдің концентрациясы 0,4-0,7 мг/л болған. Сорбциялаудан кейін ренийдің 10-15 % -ы қайтадан жер қыртысына қайтарылған.
Арнайы тотықтырғышсыз жер асты шаймалау кезінде 10 айдан кейін ерітінділерде рений концентрациясы 0,1-0,15 мг/л құрады, бөліп алу дәрежесі 20 %. Құрамында рений <0,5 г/т болатын Оңтүстік Камерун кен орнының көп ұңғылы күкірт қышқылды шаймалау учаскесінде өнімді ерітінділердегі ренийдің мөлшері бір жылдан астам уақытта тұрақты концентрацияға - 0,05-0,3 мг/л (негізгісі - 0,1-0,15 мг/л) жетті. Ренийдің бастапқы құрамы 0,5 г/т аспайтын Заречное кен орнының кендерін оттегі беру арқылы жерасты шаймалаудың сорғы күкірт қышқылды ерітінділерінде бір жыл ішінде рений концентрациясы 0,1-ден 0,25 мг/л-ге дейін өзгерді.
Осылайша, резервуар-сүзгі кен орындарының кендерінен ренийді шаймалау кезінде тотықтырғыштың қатысуымен 0,1-0,3 мг/л құрайтын өнімді ерітінділердегі ренийдің тұрақты концентрациясы анықталды. Рений уран бұрын шаймаланады, сондықтан оттегімен қаныққан табиғи суларды пайдалануға болады. Бұл кен орындарын пайдалану тиімділігін арттыруға және кен өндіру аймағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуі мүмкін. Уранның жер асты шаймалау ерітінділерінен ренийді ілеспе алу сорбциялық әдіспен жүзеге асырылады.
Рений уранмен бірге сульфатты ерітінділерден АМП күшті негізді анионитімен сорбцияланады, ренийдің селективті десорбциясы құрамында нитрат иондары бар қышқыл ерітінділермен жүзеге асырылады (NO3- - 80 90 г/л, HNO3 – 4-4,5%). Рений элюаттардан (Re = 10-15 мг/л) модификатор ретінде деканол қоспасы бар керосинде С7-С9 фракциясының триалкиламин ерітіндісімен алынады. Органикалық фазадағы рений мөлшері 8 г/л жетеді, бұл оны аммиак ерітіндісімен қатты фазалы реэкстракциялауға мүмкіндік береді.
Жерасты шаймалаудың көп компонентті ерітінділерінен ренийді экстракциялап бөліп алу келесі сталырмен орындалады:
- 10% майлы спирттер қосылған керосиндегі ТАА (5%) ерітіндісімен ренийді және уранның бір бөлігін экстракциялау;
- қатты фазалық реэкстракциялау арқылы аммоний уранилтрикарбонаты (NH4)4uo2(CO3)3 кристалдарын алу;
-біріншілік аминнің АНП+НАФ 2% ерітіндісімен ренийді экстракциялау;
- аммиак ерітіндісімен (12%) ренийді реэкстракциялау;
- реэкстрактіден аммоний перренатын бөліп алу.
Полиметалды кендерді жерасты шаймалау кезінде пайдалы компоненттерді алу дәрежесі әртүрлі: уран -70-80%; рений - 50-80%; молибден-50-80%; селен-60-80%; скандий, иттрий және лантанидтер сирек 5-30% - дан асады. Сондықтан мұндай ерітінділерді кешенді өңдеу кедей кендерді жер асты шаймалау процесі рентабельділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Өнімдегі рений құнының үлесінің төмен мәніне қарамастан, өнімді ерітінділердің едәуір көлемін қайта өңдеу ренийдің тоннасын алуға мүмкіндік береді. Жер асты шаймалау кезіндегі негізгі және пайдалану шығындары негізгі өндірілетін компонент - уранның өзіндік құнына жататындықтан, ренийді және басқа да ілеспе металдарды ілеспе алуға арналған шығындар оларды қайта өңдеуге арналған пайдалану және күрделі шығындардан құралатын болады, бұл соңғы өнімнің өзіндік құнының 10-15% құрайды. Жер асты шаймалаудың өнімді ерітінділерін кешенді өңдеудің болжамды техникалық-экономикалық есебі ренийдің сорбциядан кейін төгілетін ерітінділерде қалатын концентрациясын негіздеуге мүмкіндік берді, ренийдің бастапқы концентрациясы 0,2 мг/л болғанда оның қалдық концентрациясы 0,1 мг/л болуы мүмкін.
Бұл ретте ренийді алудың рентабельділігі өте жоғары 540%, ренийдің бастапқы концентрациясы төмен жерасты шаймалау ерітінділерін тиімді өңдеу мүмкіндігін көрсетеді.
Ренийді жерасты шаймалау ерітінділерінен бөліп алудың принципиалды сызбасы 2.1-суретте көрсетілген.

Фумаролды газдар мен жанартау жыныстар. Ренийдің бірегей дәстүрлі емес шикізат көзі – Кудрявый (Итуруп, Курил аралдарында Сахалин облысы) фумарол газдары және жанартау жыныстары. Рений минералы-ReS2