5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары

кен орын аумағындағы өсімдіктерде 10-100 г/т дейін жетеді. Мысалы Тырнауыз ауданындағы (Кабардиния-Балкария) өсімдіктерде ренийдің мөлшері 15-20 г/т құрайды, Челопеч, Златица, Асарелл-Медат (Болгария) аудандарында - 3 г/т дейін.
Кен аймақтары мен техногендік аймақтар маңындағы өсімдіктердің рениймен байытылуы негізгі кен түзуші металдарға қарағанда едәуір жоғары. Өндірістік игерілудегі мыс құмтас кен орнының (Жезқазған қ.) жанында өсетін ағаштардың жапырақтарында рений концентрациясы бірдей өсімдіктер үшін фондық мәндерден 70 есе, ал негізгі металдардан (Cu, Pb, Zn) 1,5 - 2,0 есе асып түсті. Өсімдіктердегі рений мөлшері және оның рений бар объектілердің орналасуына нақты тәуелділігі рений кен орындарын іздеу әдісінің негізі бола алады.
Сонымен қатар, топырақ ерітінділерінен ренийді тиімді шоғырландыратын өсімдіктер ренийдің қосымша мөлшерін алу үшін табиғи сорбенттер болып табылады. Құрамында 0,5-0,7 г/т рений бар техногендік қалдықтар қоймасының жанында өсірілген өсімдіктердің күлінде ренийдің мөлшері 100-500 г/т жеткен, молибденит концентраттарын күйдіретін пештердің маңындағы өсімдіктер күлінде (Рязань облысы) ренийдің мөлшері - 220-550 г/т болған.
Ренийді күлден сумен немесе әлсіз қышқыл ерітінділермен шаймалауға болады, құрамында 86 г/т рений бар өсімдік кұлінен 2,5 сағат ішінде 92% рений ерітіндіге өткен, натрий тиосульфатымен сульфид түрінде тұндырылған.
Өсімдіктердің ренийді концентрациялау қабілетін экологиялық жағдайды жақсарту үшін де қолдануға болады. Өсімдіктерді, әсіресе қамыс және квиноа сияқты өсімдіктерді отырғызу шаң массаларының шығарылуын азайтуға көмектеседі.

1
2
3
4