9.5 Бериллий мен оның қосылыстарын өндірудегі қауіпсіздік техникасы

Бериллий және оның қосылыстары өте улы. Әсіресе ұнтақты бериллий мен оның қосылыстары қолданылатын және өңделетін операциялар: еріту, балқымаларды сүзіу, буландыру және құю, ұшпа қосылыстарды сублимациялау өте қауіпті.
Бериллий өндірістерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жасалады: жабдықты және барлық коммуникацияларды барынша герметизациялау; процестерді барынша механикаландыру және автоматтандыру; жабдықты қашықтықтан басқару, қолмен жасалатын операцияларды резеңке қолғаптармен жабдықталған герметикалық бокстарда жүргізу. Жабдықтар орналасқан желдетілетін камералар мен қораптарда бериллийдің сыртқа шығып кетуін кетуіне жол бермеу үшін кейбір қысым (разрежение) сақталады. Бұл желдетілетін өндірістік бөлмелерге де қатысты.
Желдету арқылы шығарылатын булар, газдар, сұйықтықтар және басқа қалдықтар құрамында бериллий бар заттарды ұстау үшін мұқият өңделеді. Белгіленген нормаларға сәйкес өндірістік бөлмелердің, ауасында және кәсіпорын аумағында бериллий аз мөлшері де болмауын үздіксіз бақылайды.
Жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен (көзілдірік, респираторлар, дәке таңғыштары, санитарлық өткізгіште киінетін арнайы киім және т.б.) жабдықталады.

Бақылау сұрақтары
1) Бериллий, оның қосылыстарының физикалық-химиялық қасиеттері және қолдану салалары
2) Берилл концентраттарынан бериллий қосылыстарын өндіру кезіндегі сульфатты әдіс
3) Бериллийді өндірудің фторидті әдісі
4) Берилийді электролиз жолымен алу технологиясы
5) Бериллийдің ұнтақты металлургиясы