-
- 1.1 Ашылу тарихы
- 1.2 Вольфрам мен молибденнің физикалық және химиялық қасиеттері, қолдану саласы
- 1.3 Вольфрамның өндірістік шикізаттары
- 1.4 Вольфрам концентраттарын өңдеу. Вольфрам үшоксидінің өндірісі
- 1.5 Молибденнің өндірістік шикізаттары
- 1.6 Молибден концентраттарын өңдеу. Молибден үшоксидінің өндірісі
- 1.7 Металдық вольфрам мен молибден ұнтақтарын өндіру
- 1.8 Ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдық вольфрам және молибден алу
- 1.9 Молибден мен вольфрамды балқыту
- 1.10 Вольфрам мен молибденді қысыммен өңдеу
-
- 4.1 Жалпы мәліметтер
- 4.2 Титан, цирконий және гафнийдің қолдану салалары
- 4.3 Титанның химиялық қосылыстарының өндірісі
- 4.4 Титан диоксиді өндірісі
- 4.5 Цирконий мен гафнийдің химиялық қосылыстарын өндіру
- 4.6 Кеуекті және ұнтақ тәрізді титан, цирконий және гафний өндірісі
- 4.7 Тұтас металдық титан және цирконий өндірісі
-
- 5.1 Ашылу тарихы
- 5.2 Ренийдің қасиеттері
- 5.3 Ренийдің шикізат көздері
- 5.3.1 Ренийдің дәстүрлі емес шикізаттары
- 5.4 Сульфидті молибденит концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.5 Сульфидті мыс концентраттарын өңдеуде ренийдің таралуы
- 5.6 Ренийді қайтармалы шикізаттар мен техногенді өнімдерден бөліп алу
- 5.6.1 Ренийді техногенді өнімдерден бөліп алу әдістері
- 5.6.2 Ренийді қолданыстан шыққан немесе жарамсыз катализаторлардан бөліп алу әдістері
- 5.6.3 Ренийді ренийқұрамды қорытпалардан бөліп алу
- 5.7 Ренийді ерітінділерден бөліп алу технологиясы және аммоний перренатын алу
- 5.8 Ұнтақты және тұтас металдық рений өндірісі
Мазмұны
КІРІСПЕ
тотықсыздандыру арқылы металдық формаларын алады. Сирек металдардың тазалығына қойылатын талаптар жоғары. Сондықтан да технологиялық процестерде қоспалардан тазарту әдістері маңызды роль атқарады. Шикізатты өңдеу негізгі үш сатыдан түрады: концентратты ыдырату, таза химиялық қосылыстар алу және металды алу.
Бірінші өңдеу сатысы – минералды немесе концентратты ыдырату негізгі металды қоспалар мен бос жыныстардан бөліп ерітіндіде немесе қатты өнімде концентрлеу мақсатында орындалады. Ол үшін пирометаллургиялық (балқыту, күйдіру, ұшырындыға өткізу) немесе гидрометаллургиялық (қышқыл, сілті ерітінділерімен өңдеу) әдістер қолданылады.
Екінші сатысы сулы ерітінділерде өтетін химиялық процестер (экстракция, ион алмасу, тұндыру, кристаллизация және басқалар). Жоғары тазалықтағы қосылыстарды алу үшін хлоридтер мен оксидтерді ұшырындылау, галогенидтерді ректификациялау сияқты пиропроцестер де қолданылады.
Үшінші өңдеу – химиялық қосылыстарын тотықсыздандырып металдар алу сатысында негізінен пирометаллургиялық әдістер қолданылады.
Тотықсыздандырып металл алу әдістерін келесідей үш топқа бөліп қарастыруға болады:
а) ерітінділерден цементациялау немесе электролитті тотықсыздандыру (Ga, In, Tl, Ge, Re);
ә) оксидтері мен галогенді қосылыстарын сутегімен, жоғары температураларда көміртегімен немесе көміртегі монооксидімен тотықсыздандыру (W, Mo, Re, Ge, Nb, Та);
б) оксидтері мен тұздарын металдармен (металлотермия) немесе балқымада электролиздеп металдар алу (Та, Nb, V, Ti, Zr, Li, Be, СЖМ, Th, U).
Тек қана Ga, In, Tl, Ge, Re металдарын ғана ерітінділерден тікелей алуға болады.
Қиын балқитын металдарды негізінен ұнтақ немесе кеуекті масса түрінде алады, кейіннен оларды доғалық немесе электронды сәулелік балқыту арқылы немесе ұнтақты металлургия әдісімен тұтас металдар алуға болады.
Қазақстандағы сирек металдар өндірісі. Қазақстан – уран, рений, титан, берилиий өндірісі бойынша әлемде жетекші орындарда.
Үлбі металлургия зауытында бериллий өндірісінің шикізаттан таза металға дейінгі толық циклы жұмыс істейді. Өндірілетін бериллий өнімдері: металдық бериллий, құймалар, алюминийлі бериллий, мысты бериллий, никелді бериллийлі лигатуралар, металлокерамикалық бериллий – бұйымдар және дайындамалар. Сонымен қатар Үлбі металлургия зауытында тантал-ниобий өндірісі ұйымдастырылған.
Тантал-ниобий саласын дамыту Қазақстан үшін өте маңызды, өйткені Үлбі металлургия зауыты бұрынғы Кеңестер одағының аумағында орналасқан тантал-ниобий өндірісінің шикізаттан дайын өнімге дейін толық циклды қамтитын жалғыз өндіріс орны.
Өндірістік маңызы бар шикізаттардың бірі – литий өндірісіне геологиялық зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі уақытта елімізде 6 кен орны: Юбилейное, Жоғарғы Баймырза, Бакен, Ахметкино, Ахмировское, Медведка Li2O қоры бойынша есепке алынған, аталған кен орындардың барлығы резервті болып саналады. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша Батыс Қазақстандағы Ахметкино кен орнында литий оксидінің кем дегенде 26 мың тоннасы шоғырланған.
Еліміз кеуекті титан өндірісі бойынша әлемдегі 7 өндірушінің қатарына кіреді, және әлемдік өнімнің 20 % - н қамтиды. Сонымен қатар Өскемен титан-магний комбинаты авиакосмосқа қажетті бұйымдарды дайындауға арналған кеуекті титанды өндіру бойынша сертификатталған өндіріс болып табылады. Қазақстанның АҚШ нарығындағы титан бойынша үлесі 50 % -ға жуық.
Титан өндірісінің шикізаты негізінде Сәтпаев кен орынының ильменитті концентраттарын пайдаланады.
Цирконий елімізде цирконий концентраты түрінде Обуховский және Шоқаш кен орындарынан өндіріледі. Мемлекеттік баланста цирконийдің 10 кен орны тіркелген. Олардың ішіндегі ірі кен орындар Қараөткел, Обуховский және Шоқаш.
Ванадий өндірісі аммоний метаванадаты түрінде Қызылорда облысында ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта Қаратау кварциттерінен (Баласауысқандық, Құрымсақ, Жабағылы кен орындары) ванадий бөліп алу өндірісін ұйымдастыру жұмыстары жалғастырылуда. Ванадий пентаоксиді Өскемен титан-магний комбинатында да ванадийқұрамды аралық өнімдердің түзілуіне байланысты шығарылып отырады.
Молибденнің әлемдік қорының 20%-ға жуығы Қазақстанда шоғырланған. Нақтыланған шикізат көзі 130 мың тонна. «Жоғарғы Қайрақты» кен орны молибден – вольфрам мөлшері бойынша әлемдік ірі кен орын болып саналады, вольфрамның мөлшері 0,133%, молибденнің - 0,01%. Дегенмен молибденнің негізгі (≥50%) қоры Қарағанды облысындағы «Көктенкөл» кен орнында шоғырланған.
Вольфрам кен орындарының үлкендігіне қарамастан вольфрам мөлшері бойынша кедей кен болып саналады, вольфрам үш оксидінің мөлшері 0,13%, ал вольфрам өндіретін елдерде 0,3-0,6% деңгейінде. Болашақта сазды минералдарды байытудың жаңа технологияларын жасау арқылы вольфрам кен орындарын игеру мүмкіндігі бар.
Ренийдің әлемдік қорының 8%-ы Қазақстанда шоғырланған. Ренийдің жалғыз минералы «жезказганит» Қазақстанның мыс сульфидті кен орындарында кездеседі, сондықтан рений мыс өндірісінің жанама өнімі – шайынды күкірт қышқылынан аммоний перренаты, металдық рений түрінде алынады. Мырыш,