Концентрат құрамында WO3 мөлшері 41,9 % немесе 63,4 % тең болғанда вольфрамның концентраттағы массалық үлесі қанша болады? Сәйкесінше есептің екі жауабы бар.
CaWO4 + 2HCl = H2WO4↓+ CaCl2 реакциясы бойынша бастапқы 120 кг кальций вольфраматынан 88,6 % вольфрамды вольфрам қышқылы түрінде бөліп алған жағдайда, қанша кг вольфрам қышқылы түзіледі?
Молибденит құрамындағы MoS2 мөлшері 70 % болғанда молибденитті толық ыдырату үшін азот қышқылының 25%-дық ерітіндісінің қанша мөлшері қажет?
Натрий вольфраматы ерітіндісінде фосфордың мөлшері 5г/л болған жағдайда, оны толығымен аммонийлі-магнийлі тұзы түрінде төмендегі реакция бойынша тұнбаға түсіру үшін магний хлориді мен аммиактың қанша мөлшері жұмсалатынын табыңыз: Na2HPO4 + MgCl2 + NH4OH = Mg(NH4)PO4 + 2NaCl + H2O
Аммоний парамолибдатын 450-500 ℃-де барабанды пеште термиялық ыдырату кезінде MoO3 шығымы 92%. Аммоний парамолибдатының массасы 1,7 кг болғанда түзілетін MoO3 массасы қанша болады? (NH4)6Mo7O24 → 7MoO3 + 6NH3 + 3H2O
Nb2O5 + 5С = 2Nb + 5CO реакциясы бойынша 500 кг металдық ниобий алу үшін ниобий (V) оксидінің қанша массасы қажет? Ниобийдің металдық ниобийге бөліну көрсеткішін 98% деп алыңыз. Бөлінетін СО газының көлемін табыңыз.
Алюмотермиялық тотықсыздандыру арқылы ниобидің 1 тоннасын алу үшін металдық алюминийдің қанша мөлшері қажет? Алюминийдің мөлшерін стехеометриялық қажеттіліктен 1,5 есе артық алыңыз.
Құрамында 0,3 % V2O5 және 34 % P2O5 бар 200 тонна кенді өңдеу арқылы ванадий оксидінің 99,5 % -ын және фосфор оксидінің 84 %-ын бөліп алу арқылы метал оксидтерінің қанша массасын тауарлы өнім ретінде алуға болады?
Титан тетрахлоридінен титан диоксидін «жағу» әдісімен алу өндірісінде (TiCl4 + O2 = TiO2 + 2Cl2) 500 кг титан диоксидін алу үшін қажетті оттегінің көлемін табыңыз?
Ильменит құрамында темір титанаты (FeO * TiO2) мөлшері 52,66 %, 1,5 тонна TiO2 алу үшін қанша тонна ильменитті өңдеу қажет? Өндірістік жағдайда титанды бөліп алу дәрежесі 95 % екенін есепке алыңыз.
Натрий карбонатымен циркон минералын ыдырату арқылы 100 кг натрий метацирконаты өндірісіне қажетті сода мен 80%-дық циркон минералының шығынын есептеп шығарыңыз.
Тәулігіне құрамында 60 мг/л ренийі бар 5м3 технологиялық ерітіндіні өңдеу барысында ренийді тауарлы өнім аммоний перренатына бөліп алу дәрежесі 82 % болатын өндіріс орны үшін, алынатын тауарлы өнім аммоний перренатының массасын табыңыз. Тауарлы өнімдегі ренийдің мөлшері 62,5 %.
Молибденді шикізаттарда ренийдің мөлшері 0,04 %, молибденнің мөлшері 0,7 %. Егер тауарлы өнімге ренийдің 60 % -ы, ал молибденнің 98 %-ы бөлініп алынатын болса, онда өндірістің рений мен молибденнің тауарлы өнімдері бойынша ара қатынасы қандай?
Мыс концентратындағы ренийдің мөлшері 0,005 %, мысты балқыту кезінде түзілген газ тазарту жүйелеріндегі тозаңдардағы мөлшері 0,02 %. Ренийдің концентрлену санын табыңыз.
Көлемі 1000 мл, құрамында 1,8 г/л Ge бар ерітіндіден магний оксидін қосып магний германаты тұндырылды (Mg2Ge4O4). Алынған тұнба құрамында 10 % Ge бар. Германийдің тұнбаға бөліну дәрежесі 95 % болғанда, бастапқы ерітіндінің көлемі қанша болған?
Құрамында 8,2 % Li2O бар 1 тонна сподуменді концентратты өңдегенде литийдің тауарлы өнім литий карбонатына бөліну дәрежесі 84 %. Алынған литий карбонатының массасын табыңыз.
Құрамында 200 мг/л литийі бар тұздықтардан 1 тонна литий гидроксидін алу үшін бастапқы шикізат ретінде қанша көлем тұздықты өндірісте өңдеу қажет?
Құрамында 35 % диспрозий оксидінің концентратын алу үшін бастапқы шикізат ретінде 0,02 % диспрозий оксиді бар кеннің қанша көлемі өңделуі тиіс?
Монацитті концентрат құрамында жеңіл лантаноидтар 43 %, орташа ауыр лантаноидтар 22 % болса. 99 %-дық бөліну дәрежесімен 100 кг концентраттан қанша кг жеңіл лантаноидтар және орташа ауыр лантаноидтар қоспасын алуға болады?
Уран өндірісінде жылына 1 тонна U2O8 алу үшін құрамында 1% уран бар шикізаттың қанша тоннасын өңдеу қажет?