Электрондардың шығыс жұмысы

(Работа выхода электронов, electron work function) - вакуумдағы қатты немесе сұйық денеден электрондарды шығаруға үшін жұмсалатын ең аз энергия. Электрон шығысының жұмысы - бұл өткізгіш немесе жартылай өткізгіш бетінің негізгі сипаттамасы, сол беттен электронды эмиссия заңдылықтарын анықтайды. Екі өткізгіштің немесе жартылай өткізгіштің Электрон шығысының жұмысындағы айырмашылық, олардың арасындағы байланыс потенциалдарының айырмашылығын анықтайды. Қатты денеге арналған шығудың жұмысы оның материалына, бетінің құрылымына және ондағы бөгде атомдар қабатының болуына, сондай-ақ сыртқы электр өрісінің қарқындылығына тәуелді болады.

Жентектелген қатты қорытпалар

(спеченные твердые сплавы, sintered hard alloys ) – жентектелген қатты қорытпалардың ең басты ерекшелігі оларды ұнтақты металлургия әдістерімен алынуында. Олар тек шлифтеуге, физикалық химиялық (лазерлі, ультрадыбыстық, қышқылдармен немесе басқа ерітінділермен өңдеу), сонымен қатар электроэрозионды әдістермен өңдеуге ғана бейімді. Ұнтақты қатты қорытпалардан жасалған элементтер қатты дәнекерлеумен немесе дәнекерлеу әдістерімен механикалық бекіту арқылы жабдықталған құралға бекітіледі. Қатты қорытпалар карбид пен кобальт ұнтақтарының қоспасын жентектеу арқылы жасалады. Химиялық тотықсыздандыру әдісімен ұнтақтар (1-10 мкм) алдын ала дайындалады, кейін оларды тиісті арақатынаста араластырады және 200-300 кгс/см2 қысыммен пресстейді, дайын болған пластиналарды өлшемдерге сәйкес қалыптарда, 1400-1500 °C температурада, қорғаныс атмосферасында жентектейді. Жентектелген қатты қорытпаларды термиялық өңдеудің қажеті жоқ, өйткені олар бірден талап етілген қасиеттерге ие болады.

Дебит

(франц. debit — өтім, шығын) (Дебит, Debit) — сұйықтықтың (су, мұнай, тағы басқа) немесе газдың табиғи (қайнар, бұлақ, тағы басқа) немесе жасанды (құдық, бұрғылы ұңғыма, тағы басқа) көздерден уақыт бірлігінде шығатын мөлшері. Жер асты суларының Дебиті л/с-пен немесе м³/тәулікпен өлшенеді.

Жылу өткізгіштік

(Теплопрово́дность, Thermal conductivity) - материалдық дененің дене бөлшектерінің (атомдар, молекулалар, электрондар және т.б.) хаотикалық қозғалысы арқылы қатты қыздырылған бөліктерінен дененің аз қыздырылған бөліктеріне жылу энергиясын өткізу қабілеті. Мұндай жылу алмасу температурасы біркелкі емес кез-келген денеде болуы мүмкін, бірақ жылу беру механизмі Заттың агрегаттық күйіне байланысты болады. Жылу өткізгіштік дененің жылу өткізу қабілетінің сандық сипаттамасы деп те аталады.

Сызықтық кеңеюдің температуралық коэффициенті

(К −1 (°C−1)) - тұрақты қысым кезінде, оның температурасының 1 К-ге өзгеруі нәтижесінде пайда болатын дененің сызықтық өлшемдерінің салыстырмалы өзгеруі.