Тері илегіш

(Дубление кожи, Tanning (leather)) - былғары және үлбір бұйымдарын өндіру кезінде қажетті икемділікті, беріктікті, тозуға төзімділікті және басқа да қасиеттерді беру үшін теріні тұтқыр қоспалармен өңдеуден тұратын былғары өндірісіндегі технологиялық процесс; Илеудің негізгі түрлері — минералды (хром, цирконий, титан және т.б.), майлы, формальдегид, таннид, аралас.

Гуммирлеу

(Гуммирование, gumming) - металды минералды және органикалық қышқылдардың, тұздардың, сілтілердің, негіздердің және газ ортасының әсерінен, сондай-ақ осы ортада болатын қатты бөлшектер түріндегі қоспалардан коррозияға қарсы қорғаудың ең жақсы әдістерінің бірі, яғни резеңке көмегімен бетті қорғау. Гуммирлеуде қолданылатын резеңке - бұл химиялық және механикалық әсерге қарамастан, өзінің қасиеттерін сақтайтын әмбебап материал. Гуммирлеу қолданылатын салаға байланысты әр түрлі типтегі резеңке қолданылуы мүмкін: тозуға төзімді, майға және бензинге төзімді, тағамды, температураға төзімді және басқалар. Гуммирлеу парағын дұрыс таңдау өте маңызды, өйткені қорғалған металл конструкцияларының қызмет ету мерзімі оған байланысты. Осылайша, гуммирлеу жабынының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін мыналар ескеріледі: орта компоненттерінің концентрациясы, температура, қоспалардың абразивті әсері және т. б. яғни әрбір жеке жағдай алдын ала талдауды қажет етеді.

Доғалы пеш

пеш (Дуговая сталеплавильная печь, arc steel furnace) - металдар мен басқа материалдарды балқыту үшін электр доғасының жылу әсерін пайдаланатын электрлік балқыту пеші. Доғалы пеш температурасы 1800 °C дейін жетуі мүмкін. Доғалы болат балқыту пешінің (ДБП) негізгі элементтері: ванна мен ванна үстіндегі жоғарғы аймақты қамтитын жұмыс кеңістігі, электр ұстағыштары бар электродтарды жылжыту механизмі, электр жабдықтары, электр режимдерін реттеу жүйесі. Жұмыс кеңістігі кірпіштен және футеровка жасалған отқа төзімді төсемнен тұрады. Футеровка қышқыл, негізгі, бейтарап болуы мүмкін. Әдетте, ДБП-те жоғары вольтты электр желісіне қосылған "пеш" трансформаторы арқылы жеке электрмен жабдықтау бар. Трансформатордың қуаты 300 МВА жетуі мүмкін. Оның қайталама кернеуі 50-ден 300 В-қа дейін (қазіргі пештерде 1200 В-қа дейін), ал бастапқы кернеуі 6-дан 35 кВ-қа дейін (жоғары қуатты пештер үшін 110 кВ-қа дейін) жетеді. Екінші кернеу сатылы қосқыштың көмегімен реттеледі, ол балқыту режимінде де өзінің жұмысын сақтайды. Электр энергиясын (электр тогын) пайдалану, кез-келген құрамдағы шихтаны (металл сынықтарын) балқыту мүмкіндігі, металдың температурасы мен оның химиялық құрамын дәл реттеу - ДБП-ті Екінші дүниежүзілік соғыста легірленген болат, сапалы құю және соның салдарынан қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өндіруге пайдалануға итермеледі.

Электронды-сәулелік пештер

(электронно лучевые печи, Electron Beam Furnace) - аса таза металдар мен қорытпаларды алуға арналған пеш. Мұндай пеште зат балқитын үлгінің бетімен электрондар шоғыры (сәуле) соқтығысқан кезде пайда болатын жылу арқылы ериді. Электронды сәулелік пештің негізгі қондырғылары: электронды мылтық; балқыту камерасы; мыстан жасалған суытатын кристаллизатор; мылтық пен балқыту камерасында терең вакуум жасауға арналған автономды вакуумдық жүйелер (шамамен 1-10 МПа). Вакуум қыздырылған денеге барар жолда, электрондар шоғыры газ молекулаларымен әрекеттесу арқылы энергияны жоғалтпауы үшін, сондай-ақ балқытылған материалдан ұшпа қоспаларды кетіру үшін қажет. Электронды сәулелік пештер отқа төзімді металдар мен олардың негізіндегі қорытпаларды (тантал, ниобий, молибден, цирконий, титан) алу үшін, сондай-ақ көп тонналық болат құймаларын балқыту үшін қолданылады. Электронды-сәулелік балқыту материалдарындағы қоспалардың жиынтық құрамы 10-3 —10–4 % масса.

Қалдық/аналық/маточный ерітінді

(Маточный раствор, mother liquor) - ерітіндіден бағалы метал немесе ілеспе элементтерді тұнбаға, экстрагент немесе ион алмасу шыйырына бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық сұйық фаза.